
Range Rover Electric және Range Rover үй зарядтағыштарына арналған сенімді серік1. Теңдессіз оңайлықпен және тиімділікпен қосылыңыз, зарядтаңыз және жоспарлаңыз2.

ЗЕРДЕЛІРЕК ЗАРЯДТАУ
Зарядтау сеанстарын қашықтан басқарыңыз және үй зарядтағышын бірыңғай, түсінікті интерфейс арқылы жоспарлаңыз, бақылаңыз және қадағалаңыз.
Зерделі автоматтандыру күнделікті әдеттеріңізге бейімделіп, зарядтау тиімділігін оңтайландырады, ал шығындарды қадағалаудың біріктірілген функциясы барлық шығыныңызды нақты әрі жүйелі сақтайды.
Желіге қосылған кезде үй электр қуатын пайдаланып, Range Rover салонын алдын ала дайындаңыз, осылайша жолға ең қолайлы температурамен шыға аласыз.

ҚОРҒАЛҒАН ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТА
Қай жерде болсаңыз да, Range Rover көлігіңізбен байланыста болыңыз.
Есіктерді құлыптаңыз немесе ашыңыз, көлік күйін тексеріңіз және әр сапар алдында салонды алдын ала дайындаңыз. Remote сонымен қатар көлігіңіздің техникалық күйі мен қауіпсіздігін қадағалап отырады. Бұл сіз көліктен ұзап кеткен сайын қосымша сенімділік ұялатады.

ЕРЕКШЕ СӘТТЕР СЕЗІМІ
Толық электрлі «Range Rover» көлігіңіз жасалу кезеңіне өткен сәттен бастап, оны түпкілікті алғанша сізді оның барысы туралы хабардар етіп отырамыз.
Осы кезеңде сіз өнім туралы арнайы дайындалған оқиғаларды алып, оның жасалу шеберлігі мен инновациялары туралы тереңірек біле аласыз.

БАҚЫЛАҢЫЗ ДА КАРТАҒА ТҮСІРІҢІЗ
Біріктірілген навигация мүмкіндіктеріне қол жеткізу арқылы алдын ала жоспарлаңыз және жүргізу деректеріңіз негізінде жасалған талдаулар арқылы күнделікті сапарларыңызды оңтайландырыңыз.

ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ
Range Rover әлеміне тереңірек үңілуге арналған эксклюзив редакциялық контентке қол жеткізіңіз.
Оқиғалар мен бірегей көзқарастарды, соның ішінде тек қолданбаға арналған контентті тамашалаңыз. Біздің соңғы жаңалықтарымыз бен озық инновацияларымыздан ерте хабардар болып отырыңыз.

ТАЛҒАМЫҢЫЗҒА САЙ БЕЙІМДЕҢІЗ
Аккаунт мәліметтерін реттеңіз және Range Rover қолданбасын өз қалауыңызға қарай дербестеп, бірегей әсер алыңыз.
1Range Rover үй зарядтағыштарын пайдаланғысы келетін Range Rover PHEV тұтынушыларына осы қолданбамен қатар, өз көліктерінің Remote қолданбасы да қажет болады
2Функциялар мен опцияларының қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік және толық талаптар туралы ақпаратты ресми дилерден нақтылап алыңыз. Кейбір функцияның жұмысы үшін деректерді беру бойынша келісімшарт аясында ұсынылған сим-карта қажет, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесімен қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ.
3Remote, Secure Tracker немесе Secure Tracker Pro жазылымы мен InControl аккаунты қажет. Secure Tracker және Secure Tracker Pro сервистері белсендірілуі қажет және көлік желі қамтитын аймақта болуы керек. Бастапқы жазылым мерзімі аяқталған соң, осы функцияларды әрі қарай пайдалану үшін жазылымыңызды жаңартып, тиісті жаңарту төлемдерін жасауыңыз қажет болады.
* Жаңарту туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар қолданбаның «Сервистер» бөлімінде жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалғанда беріледі.