



Pro салондағы ауаны тазарту жүйесінің PM2,5 сүзгісі мен nanoeTM X технологиясы жағымсыз иістерді, бактерияларды, патогендер мен аллергендерді, соның ішінде SARS-CoV-2 вирусын2 едәуір азайтады, сондай-ақ CO2 деңгейін де бақылайды
Басқару жүйесі қажет кезде ауаны автоматты түрде жаңартып, адамның өзін жақсы сезінуі мен зейінділігін арттырады.‡

50 жылдан астам эволюциялық жолмен қалыптасқан Range Rover сән мен трендтердің ырқына бағынбайтын эстетикалық үйлесімділіктің символына айналды. Алдыңғы қатарлы технологиялық мүмкіндіктермен жабдықталған бұл көлік — теңдессіз талғампаздық пен таңғаларлық заманауилықтың көрінісі.


Кез келген адамға бірінші класқа жататын саяхат сезімін сыйлайды.
Кез келген жерге бара алатыныңызға деген сенімділік. Алдыңғы қатарлы инновациялық технологиямен жабдықталған Range Rover көлігі ғана жеткізе алатын жерлерді сенімді аралап, жайлылықты сезініңіз.
Барлық Range Rover. Барлығы электрлік.
Алдыңғы қатарлы қозғалтқыш технологияларымен басқаларға үлгі болатын түпнұсқа әрі сәнді жол талғамайтын көлік.
Бірегей үлгілеріміздің бірін таңдап, одан оны өз көлігіңізге айналдырыңыз.
Түстердің, дөңгелек дискілерінің және төбеге арналған аксессуарлардың алуан түрі. Іріктелген экстерьер пакеттері. Мінсіз үйлесімділік тапқан аксессуарлар. «Бұл — сіздің Range Rover көлігіңіз», — дегенде дәл осыны меңзейміз.
Бұл деректер заряды толық батарея жағдайында ЕО заңнамасына сәйкес өндіруші тарапынан жүргізілген ресми сынақтарына негізделген. Тек салыстыру мақсатында берілген. Нақты пайдалану жағдайларындағы көрсеткіштер өзгешеленуі мүмкін. CO2 шығарынды мәндері бензин үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері жүргізу стиліне, орта жағдайларына, таситын жүк, орнатылған дөңгелек және қосымша жабдық салмағына, ағымдағы бағыт және аккумулятордың күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қорының деректері стандартты маршрутта жүріп өткен сериялық автокөлік негізінде алынған.
***Қосымша мүмкіндіктер мен аксессуарлар ақылы түрде ұсынылады. Қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және нарыққа байланысты өзгешеленуі мүмкін немесе біраз функциялар үшін қосымша компонентті орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.
2023 жылғы қараша айындағы жағдайға сәйкес бәсекелес үлгілермен салыстырғанда. Су кедергісінен өтпес бұрын әрдайым шығу бағыты мен жолдарын тексеріңіз.
1Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және нарыққа байланысты өзгешеленуі мүмкін. Біраз функциялар үшін қосымша компонентті орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.
2Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде көліктің шыққан жылы мен күйіне, қоршаған орта температурасына және аккумулятор зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысына және зарядталу ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Назар аударыңыз: интерьер әрлеуінің балама нұсқасын таңдаған кезде стандартты жабдық тізімі өзгертілуі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және нарыққа байланысты өзгешеленуі мүмкін. Біраз функциялар үшін қосымша компонентті орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн конфигураторды пайдаланыңыз.
Жүргізуші мультимедиа функцияларын тек қауіпсіз жағдайда пайдалануы тиіс. Жүргізушілер көлікті толық бақылау астында ұстауы тиіс.
Pivi, Pivi Pro және InControl функциялары, опциялар, үшінші тарап жеткізушілерінің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты: оның қолжетімділігін Land Rover дилеріңізден нақтылап анықтаңыз және барлық талаппен танысыңыз. Мобильдік желінің барлық жерде жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ түрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін. Amazon, Alexa және оларға байланысты барлық логотиптер — Amazon.com, Inc. немесе оның еншілес компанияларының тауар белгілері. Alexa-ның белгілі бір функциялары ақылды үй технологияларына байланысты болады. Amazon-ды пайдалану үшін Alexa Amazon аккаунты қажет.
MeridianTM — Meridian Audio Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгісі.