RANGE ROVER VELAR КӨЛІГІН ДЕРБЕСТЕНДІРУ

Өз Range Rover Velar-ыңызды оның әсерлі сыртқы түрі мен ішкі кеңістігін толықтыратын бірқатар опциялар мен аксессуарлардың көмегімен дербестендіріңіз.

ОПЦИЯЛАР ПАКЕТІ

Бір-бірін толықтырып тұратын көптеген шешімдердің арқасында біз ұсынатын опциялар пакеті сіздің Range Rover Velar көлігіңіздің дизайнын да, жүріс қасиеттерін де жетілдіруге, сондай-ақ оған қосымша даралық үстеуге мүмкіндік береді.

Range Rover Velar монтажы

DRIVER ASSIST ОПЦИЯЛАР ПАКЕТІ

Барынша ыңғайлы жүргізу:
– Blind Spot Assist көзден таса аймақтарды бақылау көмекшісі.1
– Rear Traffic Monitor арттан келе жатқан автокөліктерді анықтау жүйесі.
– Бұлтаруға көмектесетін жүйесі бар бейімделетін круиз-контроль.
– Rear Collision Monitor автокөлік артындағы кеңістікті бақылау жүйесі.

COLD CLIMATE ОПЦИЯЛАР ПАКЕТІ

Салқын климаты бар аймақтар үшін оңтайландырылған:
– Жылытқышы бар алдыңғы әйнек.
– Фара жуғыштары.
– Жылыту жүйесі бар алдыңғы орындықтар немесе жылыту және салқындату жүйесі бар алдыңғы орындықтар.
– Жылыту жүйесі бар артқы орындықтар.
– Жылытылатын руль.
– Әйнекжуғыш бүріккіштерінің жылытқышы

TOW PACK ОПЦИЯЛАР ПАКЕТІ

Сүйреу бұрынғыдан да жеңіл бола түсті:
– Сүйреуге көмектесетін жетілдірілген жүйе.
– Электржетекпен шығатын сүйреу құлақшасы.

ЭКСТЕРЬЕР ӘРЛЕМЕСІ ОПЦИЯЛАРЫ

Сіздің Range Rover Velar көлігіңізді анағұрлым даралау үшін әдемі түстердің, дөңгелек дискілерінің және төбе нұсқаларының мол желісінен өзіңіз қалаған нұсқаларды таңдай аласыз.

БІРРЕҢКТІ

Көліктің жылтырақты түсі көздің жауын алады. Төрт түсі бар.
КОНФИГУРАТОР
ДӨҢГЕЛЕК ДИСКІЛЕРІНІҢ НҰСҚАЛАРЫ

ДӨҢГЕЛЕК ДИСКІЛЕРІНІҢ НҰСҚАЛАРЫ

Range Rover Velar барлық жағынан бұрынғыдан да мінсіз бола түсті. Дөңгелектің әрлеу стильдері мен нұсқаларының алуан түрлілігі көрнекті пропорциялар мен модельдің беделдігін айшықтай түсуге көмектеседі.
ТӨБЕ НҰСҚАЛАРЫ

ТӨБЕ НҰСҚАЛАРЫ

Бекітілген және жылжымалы панорамалық төбе Range Rover Velar салонын табиғи жарыққа толтырып, бос кеңістікті визуалды түрде кеңейтеді.

АКСЕССУАРЛАР

Сіздің өміріңізді жеңілдететін аксессуарлардың мол жиынтығы: заттарды сақтауға арналған практикалық шешімдерден бастап үй жануарларына арналған өнімдерге дейін.

Әйел Range Rover Velar-дың төбесінен аксессуарларды түсіріп жатыр
Range Rover ұсынған London жинағы
Біздің модернистік дизайн философиямыздан шабыттанған дайын бұйымдар мен сәнді аксессуарлар.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

Заманауи әрі талғампаз премиум SUV

ЖИНАҚТАМАЛАР МЕН СИПАТТАМАЛАР

Ассортиментіміздің бәрін салыстырып көріңіз.
Range Rover Velar-дың бүйір көрінісі

RANGE ROVER VELAR ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

Range Rover-дің таңдамалық деңгейін айшықтайтын озық жайлылық.

1Blind Spot Assist көзден таса аймақтар мониторингі жүйесі соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Қозғалыс жолағын ауыстырған кезде, автокөлігіңіздің жүйесі көзден таса аймақта басқа көлік құралын анықтайтын болса, рульді түзеу қажеттігін білдіру үшін рульге айналдыру күші автоматты түрде беріледі.

Назар аударыңыз: стандартты функциялар балама жинақтамаларды таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына (модификацияларға және күштік агрегатқа) байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функция үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.