

Range Rover-дің бояуын қорғайтын үлдір өндіріс процесінде жоғары кәсіби шеберлікпен және дәлдікпен жапсырылады.
Мақұлданған материалдар мен мамандардың сертификатталған шеберлігінің арқасында бояудың бастапқы күйін сақтаймыз және оның ұзақ уақыт сенімді қорғалатынына кепілдік береміз. Бояуды қорғайтын үлдір күнделікті пайдалану кезінде тас тиюден, сызаттардан және қоршаған орта әсерінен болатын тозудан қорғап, көлігіңіздің уақыт өте келе құнын жоғалтпауына да ықпал етеді.
Көлік сіздің иелігіңізде болғанда, жергілікті ресми дилерге жүгініп, кез келген уақытта үлдірді алып тастауыңызға немесе ауыстыруыңызға болады.